Welcome to ENU бағдарламасы шетелдік университеттердің білім алушыларына бір семестр немесе оқу жылы бойы ЕҰУ-да білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Қатысу келесі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:
серіктестік шеңберінде - ЕҰУ мен шетелдік университет арасында ынтымақтастық туралы келісім болған жағдайда;
Free mover ретінде - ЕҰУ мен шетелдік университет арасында келісім болмаған жағдайда.
Құжаттарды тапсыру мерзімдері
|
Оқу кезеңі
|
Құжаттарды тапсыру мерзімі
|
|
Күзгі семестр
|
15 наурыз – 30 сәуір
|
|
Көктемгі семестр
|
1 қазан – 15 қараша
|
Номинациялау процесі
Серіктес университет ЕҰУ-ға келесі мәліметтер көрсетілген номинациялық хат жібереді:
білім алушының Т.А.Ә.;
білім алу деңгейі;
білім беру бағдарламасының шифры мен атауы.
Номинация алынғаннан кейін ЕҰУ серіктес университетке тиісті семестрде оқуға болатын пәндер тізімін жібереді.
Өтінім беру
Номинациядан кейін білім алушы келесі құжаттарды ұсынады:
толтырылған сауалнама;
паспорт көшірмесі;
транскрипт;
таңдалған пәндері бар оқу туралы келісім.
Шақыру
Құжаттар қарастырылып, келісілгеннен кейін ЕҰУ оқу мүмкіндігін растайды.
Байланыс деректері
Жауапты координатор: Тұрарбекова Ақмарал Асылбековна
Электрондық пошта: incoming@enu.kz