
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мирзахметов Алмаз Амирбековичтің «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторлық диссертациясының қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мирзахметов Алмаз Амирбековичтің «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша «Қазіргі қазақ прозасындағы архетиптік образдар» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды.
Қорғау: қазақ тілінде.
Ресми рецензенттер:
– Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы – филология ғылымдарының докторы, М. Әуэзов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы) /2021 жылғы 13 қазандағы №03-04-09/-4360 ҚР БҒМ хабарлама жіберілді/ (Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы – филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы) денсаулығына байланысты орнына ауыстырылды)
– Адаева Ермек Сабырбайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Назарбаев университеті қазақ тілі және түркітану кафедрасының доценті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, доцент (Нұр-Сұлтан қ., ҚР);
- Еркінбаев Ұлан Оралұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті (Нұр-Сұлтан қ., ҚР);
- Камарова Нагбуду Сұлтансихқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті (Ақтау қ., ҚР);
- Мамбетов Жолдасбек Орманбекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті (Алматы қ., ҚР);
- Омаров Бауыржан Жұмаханұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор ҚР Президентінің кеңесшісі (Нұр-Сұлтан қ., ҚР);
- Мингазова Ляйля Ихсановна - филология ғылымдарының докторы, Қазан федералдық университетінің профессоры (Қазан, Татарстан).
Ғылыми кеңесшілері:
Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы);
Метин Екижи – доктор, профессор(Измир, ЕГЕ университеті).
Қорғау 2021 жылы 23 қазан, сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларын даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі ZOOM платформасында өткізіледі.
Подключиться к конференции Zoom
https://us02web.zoom.us/j/89087365630?pwd=ZUQ1WDJnOUxKM0dyNGJNVjV0Y1E3QT09
Идентификатор конференции: 890 8736 5630
Код доступа: 512021
