

Негізгі міндеттері:
- ҚР қолданыстағы заңнамалық актілеріне, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, өзге де нормативтік құжаттарға және есеп саясатына сәйкес ұйымдастыру;
- ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлауды дер кезінде, икемді, нақты, түсінікті, ықшам, кешенді және толық түрде қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде жоспарлық көрсеткіштердің орындалуын талдау, бақылау және қамтамасыз ету;
- еңбек, қаржы және материалдық ресурстарды дұрыс әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау;
- Университет қызметкерлерінің ұйымдық құрылымын, штат санын, еңбекақы мөлшерін және төлеу шарттарын жетілдіру;
- Университеттің жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге арналған нормативтік құжаттарды және өз құзыреті шегіндегі өзге де құжаттарды әзірлеу.
