Жер учаскесіндегі қолданыстағы ғимаратты бұза отырып, студенттік жатақхана салу үшін серіктестерді тарту туралы
Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» (бұдан әрі – Қоғам) бірлескен қызмет шартын (консорциумды) (бұдан әрі-шарт) жасасу үшін "Астана қаласы, "Байқоңыр" ауданы, А. Янушкевич көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесінде қолданыстағы ғимаратты бұза отырып студенттік жатақхана салу" жобасы бойынша серіктестерін тарту туралы хабарлайды.
Серіктестерді іріктеу шарттары осы хабарландыруға қоса берілетін конкурстық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржыландыру және пайдалану шарттары конкурстық құжаттамаға қоса берілетін бірлескен қызмет шартында (консорциумда) айқындалады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні-2024 жылғы " 26 " наурыздан бастап.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі-2024 жылғы " 26 " сәуірді қоса алғанда.
Қосымша анықтамалық ақпаратты +7 (7172) 709-500 (ішкі.: 31-377), marketenu@mail.ru
Конкурстық құжаттаманы беру орны-Астана қаласы, Сәтбаев көшесі 2/1, 102 кабинет (кеңсе).
Қосымша: