«8D01511 - Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ахитова Риза Суиндиковна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ахитова Риза Суиндиковна «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Қосыбаева Үмітжан Аманкелдықызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Математика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы);
Мусатаева Июнгуль Сулжановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Семей Медицина университеті, «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының доцент м.а (Семей қаласы, Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шадиев Рустам – философия докторы (PhD), профессор, Чжэцзян университеті, Педагогикалық колледжінің профессоры (Нанкин қаласы, ҚХР);
Кинтонова Алия Жексембаевна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Мухамбетова Мейрамгуль Жароллаевна – философия докторы (PhD), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Атырау қаласы, Қазақстан Республикасы);
Махажанова Улжан Танирбергеновна – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Токжигитова Нургуль Каирбаевна – философия докторы (PhD), Торайғыров университеті, «Компьютерлік ғылымдар» факультетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) (Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Альжанов Айтуган Кайржанович – педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасының доцент м.а. (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Вострокнутов Игорь Евгеньевич – педагогика ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік академиясы ФМБЖББМ, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, профессор (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы).
Қорғау 2024 жылғы 14 мамыр, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01511 – Информатика» мамандығы бойынша «8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://surl.li/rzhbo
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды, соның негізінде қалыптасқан «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының мақсаты барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру болып табылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі білім беру саласы мен басқа да заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздіксіз дамуынан туындап, болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруын талап етілуінде, осыған орай кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 52 бабында көрсетілгендей, білім сапасын арттыру мәселесі Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында өзекті болып, білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдарына ұсынылатын білім беру қызметінің әдістемелік және әдіснамалық сапасын басқаруды жүзеге асырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында сапалы білім беруге баса назар аударылды, сонымен қатар педагогтерді қолдау саясатын жалғастыру туралы бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Білім беру ұйымдарындағы білім сапасына әрдайым ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан да сапалы мониторингпен ұйымдастырылған бұл ұйымдардың түлектері үнемі сұранысқа ие болып, әлемдік оқу орындар арасындағы рейтингтерде жетекші орындарға ие бола алады. Жалпы білім беру жүйесі барша қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында үлкен септігін тигізеді, сондықтан ақылды және парасатты білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу әр мемлекет үшін өте маңызды фактор болып табылады. Білім беру қызметтері нарығындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында сапалы білім беруші ұйымдар әдетте табысты болып келетіні сөзсіз. Болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру мақсатында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісіне ендіруде елеулі еңбек сіңірген ғалымдар қатарында: Бидайбеков Е.Ы., Кариев С.К., Серік М., Нурбекова Ж.К., Альжанов А.К., Мубараков А.М., Кариева Г.У. информатика ғылымын оқыту әдістері мен біліктілікті арттыру мәселелерін зерттеген ғалымдар Давлетова А.Х., Ермаганбетова М.А., Жалғасбекова Ж.К., Мукашева М.У., Карымсакова А.Е., Токжигитова Н.К., Г.Б. Камалова, Зулпыхар Ж.Е., Шындалиев Н.Т. Таратылған деректер технологияларын оқу үдерісіне қолдану туралы зерттеген ғалымдар Садвакасова А.К., Карелхан Н. Болашақ педагогтерді даярлауда ақпараттық-компьютерлік технологияларды кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану туралы зерттеген ғалымдар Балықбаев Т.О, Абдулкаримова Г.А., Абильдинова Г.М., Касымова А.Х., Ташимова А.Л. Орта білім беру саласында білімді ақпараттандыру мен информатиканы оқыту әдістері туралы Садвакасова К.Ж., Уразамбетова Г.У., Мулдабекова К.Т., Аккасынова Ж.К. еңбектерінде жазылған. Сонымен қатар информатика ғылымы мен білімді ақпараттандыру саласына зор әсерлерін тигізген Беспалько В.П., Лапчик М.П., Богданова С.В ғалымдарының еңбектері зор. Білімді ақпараттандыруға үлесін тигізген шетелдік ғалымдар ішінде Forsythe G.E., Stanley C.J. еңбектерін атап өтуге болады. Диссертациялық жұмыстың тақырыбына негіз болып отырған кейс-технологиялар арқылы білім сапасын арттыру мәселелерін Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б., Исабаева Д.Н., Бостанов Б.Ғ., Никитина М.А., Гаджикурбанова Г.М., Лапыгин Ю.Н., Желизняк Л.Д., Бакиева Ф.Р., Муллакаева В.С., Абаева Ф.Б. және т.б. Зерттеу тақырыбының өзектілігі білім беру саласы мен басқа да заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздіксіз дамуынан туындап, болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруын талап етілуінде, осыған орай кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру моделінің қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей, білім сапасын арттыру мәселесі Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында өзекті. Болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру мен оны үздіксіз жетілдіру әдістемесінде тікелей көрініс табатын заманауи тенденцияларының қарқынды өркендеуі, информатика педагогтерінің кәсіби даярлығын арттыруға негізделген оқыту әдістемелерді жаңарту қажеттілігін көрсете отырып, зерттеудің мәселесі айқындалады. Осылайша, кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің даярлықтарының жеткіліксіздігі мен білім сапасын арттыру мәселелері арасында қарама-қайшылық туындайтыны анықталады. Зерттеудің нысаны: Болашақ информатика педагогтерін кейс-технологиялар негізінде оқыту үдерісі. Зерттеудің пәні: Болашақ информатика педагогтерін даярлауда кейс-технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру. Зерттеудің мақсаты: Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың теориялық негіздерін анықтау және практикалық жүзеге асыру. Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың теориялық-практикалық негіздері қолданылса, онда болашақ информатика педагогтерінің білім сапасының деңгейі артып, кәсіби білімі, білігі мен дағдысы жоғары дәрежеде қалыптасар еді, өйткені заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздіксіз дамуы білім алушылардың терең ойлауы, бәсекеге жоғары қабілетті болуын талап етеді. Зерттеудің өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамына сәйкес келесідей міндеттері анықталды: 1. Жоғары оқу орындарында кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру жағдайына талдау жасау. 2. Болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесін қолданылудың тиімділігін айқындау. 3. Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың моделін құру. 4. Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың оқу-әдістемелік қамтамасын даярлау. 5. Болашақ информатика педагогтерін кейс-технологиялар негізінде даярлаудың компоненттері мен критерийлерін анықтау. 6. Зерттеу тақырыбы аясында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру және нәтижелерін саралау. Зерттеудің жетекші идеясы: Білім беру саласындағы және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруын қажет етеді, ал білім алушыларды кәсіби даярлау барысында білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесін қолдану олардың білімі, білігі мен дағдысын жоғары дәрежеде қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері зерттеу барысында «кейс-технологиялар», «болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесі» ұғымдары анықталып, талданды; кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруға бағытталған оқу әдістері мен құралдары негізделді. Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының ресми және нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Педагог» кәсіби стандарты, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы және т.б.; Диссертацияны жазу кезінде қолданылған дереккөздер мен әдеби еңбектер. Зерттеу әдістері: Тақырыпты зерттеу барысында төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды: кейс әдісі, cұхбат, сауалнама, тестіліеу, ғылыми пікірталас әдісі, білім алушылардың іс-әрекеті нәтижелерін зерттеу, деректерді теориялық жалпылау әдісі, үздіксіз жетілдіру әдістемесінің әдістері. Зерттеудің базасы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті. Зерттеудің кезеңдері. Айқындаушы кезеңде (2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығы) зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, зерттеудің нысаны, болжамы, міндеттері мен жаңалығы анықталды. Зерттеу жұмыстарына қажетті отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасалды, дәстүрлі және заманауи оқыту әдістері мен әдістемелеріне, қолдану тиімділігіне талдаулар жасалды. Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруға бағытталған сауалнамалар құрастырылды. Қалыптастырушы кезеңде (2019-2020 оқу жылының екінші жарты жылдығы, 2020-2021 оқу жылы, 2021-2022 оқу жылының бірінші жарты жылдығы) кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың моделі құрастырылды. Білім беру бағдарламасы (ББ) бойынша курстың мазмұнына толықтырулар енгізілді. Оқу-әдістемелік құрал (ОӘҚ), электрондық оқулық (ЭО) және ақпараттық білім беру ортасы даярланды. Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары жүргізілді, алынған нәтижелер талқыланды. Үшінші қорытынды кезеңде (2021-2022 оқу жылының екінші жарты жылдығы) жоғары оқу орындарында информатика педагогтерін кейс-технологиялар негізінде білім сапасын арттырудың тәжірибелік-эксперименттің қорытынды кезеңі орындалды. Зерттеу нәтижелері сараланды, статистикалық-математикалық есептеу жұмыстары орындалды. Ғылыми жарияланымдар жинақталып, диссертациялық жұмыстың нәтижелері анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 1. Болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесін қолдану негізінде білім алушылардың кәсіби дағдылары мен біліктері қалыптастырылып, аталған әдістеменің қолданылу тиімділігі айқындалды. 2. Жоғары оқу орындарында кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруды жүзеге асыратын оқыту негіздерін, оқу-әдістемелік қамтамасын, кейстерді шешуге бағытталған әдістерін, білім сапасын анықтайтын компоненттерін қамтитын моделі құрылды. 3. Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың практикалық негіздері анықталды: болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік құрал, электрондық оқулық, ақпараттық білім беру ортасы даярланып, қолданысқа ендірілді. 4. Жоғары оқу орындарында кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырып, білігі мен дағдысының қалыптасуын анықтайтын компоненттері мен критерийлері анықталды. 5. Оқу үдерісінде болашақ информатика педагогтерін кейс-технологиялар негізінде білім сапасын арттыру мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары жүргізіліп, нәтижелерін талдауда тиімділігі анықталды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы Қазіргі ғылыми-техникалық дамуындағы үлкен өзгерістер студенттердің білім сапасын үздіксіз арттыруды талап етеді. Педагогтердің үздіксіз кәсіби даярлығының сапасын арттыру әлемнің барлық жоғары оқу орындары үшін басым міндеттердің бірі ретінде қойылады. Берілген жұмыстың теориялық маңыздылығы болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдірудің әдістемесін қолдана отырып, білім алушылардың кәсіби дағдылары мен білігін қалыптастырып, білім сапасын арттыру болып табылады. Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру жағдайына талдау жасау мақсатында отандық және шетелдік әдебиеттер қарастырылды, кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру бойынша жоғары оқу орындарының тәжірибелері мен оқыту әдістеріне талдау жасалды. Диссертациялық жұмыс барысында даярланған кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыру моделі және болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесін жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары оқу үдерісінде пайдалана алады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы 1. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де болашақ информатика педагогтерін даярлау барысында білім сапасын арттыруға негізделген үздіксіз жетілдіру әдістемесін қолданып, «7М01511–Информатика» білім беру бағдарламасының «Инноватика» курсының мазмұнына толықтырулар (Sillabus); 2. Болашақ информатика педагогтерін даярлау барысында білім беру сапасын арттыруға негізделген үздіксіз жетілдіру әдістемесі қолданылды: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «6B01511 – Информатика» білім беру бағдарламасының «Деректерді компьютерлік талдау» пәнінде және «7М01511–Информатика» білім беру бағдарламасының «Тест тапсырмаларын талдау әдістері», «Математикалық статистика», «Білім беруді визуализациялау технологиясы» пәндерінде; 3. Болашақ информатика педагогтерін даярлау барысында білім беру сапасын арттыруға негізделген үздіксіз жетілдіру әдістемесін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінде қолданылды: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «6B01505 – Информатика», «6В01502 - Математика-информатика», «6В01504 - Физика-информатика» білім беру бағдарламалары; Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «6B01530-Информатика», «6B01532 - Информатика-Физика», «6B01531 – Білім берудегі ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары; 4. «Болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралы даярланды: (ISBN 978-601-326-754-8); 5. «Білім берудегі Кайдзен» атты электрондық оқулық даярланды (авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №31134); 6. «Digital Kaizen» атты ақпараттық білім беру ортасы даярланды (авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №32186). Қорғауға ұсынылатын қағидалар 1. Кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесін жүзеге асырудың теориялық негіздері. 2. Болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттыруды жүзеге асыратын оқыту негіздерін, оқу-әдістемелік қамтамасын, әдістерін, білім сапасын анықтайтын компоненттерін қамтитын модель. 3. ЖОО-ның оқу үдерісінде кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың негіздері: оқу үдерісінде қолданылатын оқу-әдістемелік құрал, электрондық оқулық пен ақпараттық білім беру ортасы. 4. Болашақ информатика педагогтерінің кейс-технологиялар негізінде білім сапасын арттыру мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері. Автордың жеке үлесі кейс-технологиялар негізінде болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын арттырудың теориялық негіздерін анықтап, оны практикалық жүзеге асыру, сонымен қатар тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізіп, алынған нәтижелерін саралап, ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеумен байланысты. Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі берілген мәселе бойынша ғылыми-теориялық және практикалық жұмыстарды талдау мен жоғары оқу орны білім алушыларының кейс-технологиялар негізінде білім сапасын арттырудың моделін жүзеге асырумен, алынған нәтижелердің зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігімен, зерттеу нәтижелерінің практикаға ендірілуімен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардан алынған нәтижелердің математикалық-статистикалық өңделуімен, зерттеу болжамының дәлелденуімен анықталады. Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: Зерттеу нәтижелері 13 ғылыми еңбектер жинақтарында жарык көрді, оның ішінде Scopus ақпараттық ресурсының нөлдік емес импакт факторлы басылымдарында 1 мақала: 1. Kaizen continuous improvement technology in the educational process of future computer science teachers: a case study in Kazakhstan // Global Journal of Engineering Education. – 2023. – №3(25). – Р. 163-170. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіндегі журналдарда 4 мақала: 1. Жоғары оқу орындарында білім беру үрдісінің сапасын арттыруындағы Кайдзен стратегиясының қолданылуы // Қазақ Бiлiм Академиясының баяндамалары журналы. – 2020. – №2 (квартиль). 2. Эффективность использования технологии Кайдзен в высшем образовании // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы. – 2022. – №1(138). 3. Improving the quality of education of future teachers based on case technology // ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылым ҚР Ұлттық ғылым академиясының Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2023. – №3(403). 4. Применение технологии Кайдзен для повышения качества образования будущих педагогов информатики // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы. – 2023. – №4(145). Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында 3 мақала: 1. Improving the quality of education of computer science teachers through the Kaizen philosophy // Trends and Innovations in E-business, Education and Security 8-th атты ғалымдар мен PhD студенттердің халықаралық ғылыми веб-конференциясы (Братислава, 2020 – 28 сәуір). 2. Білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру технологиялары // 15-ші жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «Ǵylym jáne bіlіm - 2020» (Нұр-Сұлтан, 2020 – 11 сәуір). 3. Управление качеством образования на основе кейс-технологий // 5-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім: 21 ғасыр трендтері» (Нұр-Сұлтан, 2019 – 7 желтоқсан). Қазастан Республикасындағы ғылыми баспаларында жарияланған еңбектерде 1 мақала: 1. Кайдзен технологиясы негізінде білім беру сапасын жетілдіру // "Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа трендтері" атты 6-ші халықаралық конференциясы (Астана, 2022 – қараша). Басқа да ғылыми баспаларында жарияланған еңбектерде 1 мақала: 1. Improving the process of quality of higher education: introduction Kaizen philosophy // Scientific Journal of the Modern Education & Research Institute. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен бірге даярланған арнайы басылым. ISSN 2506-8040 (Брюссель, 2020 – 15 наурыз). Оқу-әдістемелік құрал: 1. Болашақ информатика педагогтерінің білім сапасын үздіксіз жетілдіру әдістемесі атты оқу-әдістемелік құралы (Павлодар: Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 28 желтоқсан 2023 жыл №4 хаттама оқу-әдістемелік кеңестің бұйрығымен мақұлданған, 2023. - 72 б.). Цифрлық білім беру ресурстары: 1. «Білім берудегі Кайдзен» атты электрондық оқулық даярланды (авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №31134). 2. «Digital Kaizen» атты ақпараттық білім беру ортасы даярланды (авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №32186). Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және оқу үрдісіне ендіру Зерттеу нәтижелері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «7М01511–Информатика» және «6B01511 – Информатика» білім беру бағдарламаларына, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «6B01505 – Информатика», «6В01502 - Математика-информатика», «6В01504 - Физика-информатика» білім беру бағдарламаларына; Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «6B01530-Информатика», «6B01532 - Информатика-Физика», «6B01531 – Білім берудегі ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша сынақтан өткізіліп, оқу үдерісіне ендірілді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы