Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жаратылыстану ғылымдары факультеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингінде жоғары нәтижелер көрсетті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы жыл сайынғы рейтингінің нәтижелері бойынша 2023 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінде мынадай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді:
«Химия» білім беру бағдарламасы - 1 орын;
«Биология» және «География» білім беру бағдарламалары - 2 орын;
«Биотехнология» және «Экология» білім беру бағдарламалары - 3 орын.
Бұл жетістік Жаратылыстану ғылымдары факультеті беретін жоғары сапалы білім берудің дәлелі. Айта кетсек, тұңғыш рет факультеттің барлық кафедралары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісінде алдыңғы орындарға ие болды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары оқу орындары ұсынатын білім беру сапасын бағалау және білім алушыларға өз болашағы үшін үздік бағдарламаларды таңдауға көмектесу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін өткізеді. Рейтинг түлектердің мансаптық перспективалары, сараптамалық бағалау, статистикалық деректер және білім алушылардың жетістіктері сияқты түрлі аспектілерді бағалайды.
2024 жылғы 28 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Е.Б. Сыдықов Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Ж.Ғ. Берденовты және кафедра меңгерушілері Е.Е. Копишевті, Р.М. Тазитдинованы, Н.Е. Рамазанованы, О.З. Ильдербаевты, Ж.Қ. Масалимовты құттықтап, құрмет грамоталарымен марапаттады. Атамекен ҰКП өкілі Атамекен сертификатын салтанатты түрде табыстады.