Еуразия Ұлттық Университеті студенті Софья Закутная сурдошылар арасында жүзуден Қазақстан чемпионы атанды
Сәуірдің 5-і мен 9-ы аралығында Павлодарда айтулы спорттық шара – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен, соның ішінде Ақтөбе, Абай, Жетісу, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Атырау және Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан келген 100-ден астам қатысушы жиналды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дене шынықтыру және спорт факультеті (ФКС-22) студенті Софья Закутная, осы мәртебелі турнирде жүлделі орындар үшін күресте тамаша спорттық шеберлік пен табандылық көрсетті. Төрт күн бойы ол әртүрлі қашықтықтағы қызу жарыстарында 200 метрге баттерфляй және 800 метрге еркін әдіспен жүзуден екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, София 400 метрге еркін әдіспен жүзуден жарысқа қатысып, күміс жүлдегер атанды.
Бұл лайықты жеңістер университеттегі спортшылардың дайындығының жоғары деңгейін ғана емес, сонымен бірге олардың спортқа деген адалдығы мен құштарлығын көрсетіп, басқаларды да спорттық талпыныстарында шыңдарға жетуге шабыттандырады.