ЕҰУ-де жылдың ең үздік старостасы таңдалды
Карьера және бизнес-әріптестік бөлімі мен «Старосталар Кеңесінің» ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін «Үздік староста-2024» байқауы өтті. Байқау, топ ішінде оза шапқан білім алушылардың арасынан үздік деп танылған дарынды да, талапты топ басшыны анықтады.
Тартысты додаға 2-4 курс старосталары арасынан 13 факультеттен 13 қатысушы бақтарын сынады.
Байқауымызды ресми түрде ашқан Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Байжұман Қашхынбай.
Әділ бағасын берген конкурстық комиссияның мүшелері:
Гулшат Байтас - Астана қаласының әкімдігінің № 32 мектеп-гимназиясының директоры, әділқазылар алқасының төрағасы
Бакыт Ракишева - Астана қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы;
Толғанай Насихатқызы – Jastar департаментінің бас маманы;
Гулнар Турсынбекова – Білім беру бағдарламаларын басқару және әдістемелік жұмыс бөлімінің бас маманы.
Байқауымыздың бас демеушісі –Еркебұлан Амантаев, Еуразия ұлттық университетінің түлегі, амбассадор, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық өндірістік орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жүргізуші куәліктері, көлік құралдарын тіркеу куәлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін өндіру басқармасының басшысы
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең: Таныстырылым (бейнеролик). Байқауға қатысушылар «Старостаның бір күні» тақырыбында өзін және факультетін таныстыра отырып, бейнеролик дайындап келуі керек.
2 кезең: Үй тапсырмасы: Жоба. Байқау қатысушыларына алдын ала берілген тақырып бойынша жоба қорғауы керек.
3 кезең: Ситуациялық сұрақтан шығу. Қатысушылар қазылар алқасы берген сұраққа жауап береді.
Байқау қорытындысы бойынша әділ қазы алқалары номинациялар иегерлерін және жеңімпазды анықтады. Марапаттау рәсімінде қатысушылар ЕҰУ Басқарма төрағасы - ректор Е.Сыдықов атынан алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, университетіміздің атынан әрбір қатысушымызға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Келесі кезекте «Көрермен көзайымы» номинациясымен - Арман Жұбатханов, физика-техникалық факультеті, «Үздік жоба» номинациясымен - Нұрболат Бердәлі, көлік-энергетика факультеті, «Үздік жанкүйерлер» номинациясымен - Альбина Кенжебаева - экономика факультеті.
Ал басты жүлде, яғни «Үздік староста-2024» жеңімпазы - Ақнұр Сисенбаева, филология факультеті атанды.