Әлеуметтану кафедрасында «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2024» XIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті
2024 жылғы 12 сәуір айында әлеуметтік ғылымдар факультетінің әлеуметтану кафедрасында ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2024» XIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Конференцияда қатысушылары жаһандық әлемдегі өзекті мәселелер талданған баяндамалар жасады. Конференцияға шетелден және Қазақстанның басқа қалаларынан да ізденушілер қатысты, соның ішінде Ресей ғылым академиясының демографиялық зерттеулер институтының қызметкерлері М.В.Росланцева мен В.М.Новикова да бар. Бұл жас зерттеушілер үшін пікір алмасуға, жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға бағытталған сарапшылар алаңы болды.
Конференцияға қорытындысы бойынша комиссия төрағасы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Г.М. Бураканова және комиссия құрамына кіретін әлеуметтану кафедрасының оқытушылары конференцияның белсенді қатысушыларын арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!