2024 жылдың 12 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың Ұлы ғалым Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «GYLYM JANE BILIM – 2024» ХІХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
2024 жылдың 12 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың Ұлы ғалым Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «GYLYM JANE BILIM – 2024» ХІХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Шығыстану оқу бағдарламасының білім алушылары мен жас ғалымдары, сондай‑ақ басқа да ЖОО студенттері қатысып, Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті: өркениетаралық байланыстар аясында түрлі ғылыми тақырыптарға баяндама жасап, пікір алмасты.
Конференция мақалалары жинағына барлығы 64 ғылыми мақала ұсынылды, соның ішінде 30 мақаланы пленарлы секцияда ауызша баяндама жасады. Төраға – Биримкулова Г.У. – доцент м.а., PhD. Комиссия мүшелері: Абжаппарова Б.Ж. – профессор, т.ғ.д.; Ильясова К.М. – профессор, т.ғ.д.; Исаев А.У. – доцент м.а., PhD; хатшы – Шакен Н.Р. – оқытушы.
Ғылыми конференцияда барлық қатысушылардың баяндамасын тыңдап, төраға және комиссия мүшелері жас ғалымдарды марапаттады. Шығыстану кафедрасының 1 курс студенті Есбол Мәди және магистрант Нағышбекқызы Аяжан І орынды иеленді. ІІ орын – Күмісбек Медина, Өмірбек Диас, Рымбаева Әйгерім және Мерханов Алмасқа бұйырды. ІІІ орынды – Зүлфайдар Мұхаммед, Мухамедгалиева Айдана, Серикова Дина, Тухтарова Самира, Куркебаев Санжар, Хрупин Егор иеленді. Сонымен қатар, Алғыс хатпен екі студент – Тәңірбергенова Айғаным мен Шаймұрат Айым марапатталды.
Жас ғалымдарға болашақта елеулі еңбектер, шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз.