«Мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын әзірлеу, сапаны бағалау жүйесін және басқаруды және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу» бағдарламалық-мақсаттық жобасы аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тренинг өтті.
2024 жылғы 10 сәуірде IRN BR21882352 «Мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын әзірлеу, сапаны бағалау жүйесін және басқаруды және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу» бағдарламалық-мақсаттық жобасы аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тренинг өтті. Тренингті ұйымдастырушылар жобаның қатысушылары және «Мемлекеттік аудит» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы. «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасыныңстуденттеріне «Ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану» тақырыбында тренинг өткізді. Жоба жетекшісі, э.ғ.д., профессор, Мемлекеттік аудит кафедрасының меңгерушісі Сембиев Л.М. Тренинг қатысушылары: «Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Esil University. Тренингте спикерлер: Бектұрова Арман Тұрсынқызы, PhD докторы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, баяндама тақырыбы: «Өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі». Шанайбаева Жұлдыз Абзалқызы, FINPARK консалтингтік компаниясының негізін қалаушы, баяндаманың тақырыбы «Қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігі». Рюмкина Инга Николаевна, э.ғ.к., Esil Universityдоценті, баяндаматақырыбы «Адам ресурстары негізгі фактор ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі: қалыптастыру және пайдалану стратегиялары». Олар практикалық тәжірибелерімен бөлісті, студенттер пен тренингке қатысушылар сұрақтар қойды, баяндамашылар барлық тренингке қатысушылар арасында өте жоғары қызығушылық тудырды.