Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасына 10 жыл
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетінде 2 мамыр 2024жыл күні атаулы үлкен 10 жылдық ғылыми іс-шара өтті.
«Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасы механика-математика факультетінің құрамында 2014 жылы ашылған. 2014-2023 жылдар аралығында техника ғылымдарының докторы, профессор А.А. Адамов кафедра меңгеруші қызметінде, кафедраын басқарды. 2023 жылдың қыркүйек айынан батп кафедраны, PhD, философия докторы, Диляра Советқызы Ракишева басқарып келеді. Он жылдың ішінде өте үлкен жетістіктер мен шығармышылыққа толы мақтанарлықтай жұмыстар атқарылды. Кафедрада «Математикалық және компьютерлік модельдеу» бағыты бойынша бакалавр, магистратура, докторантура және «Статистика» мамандығы бойынша бакалавр білімі берілуде. Үлкен жетістіктеріміздің бірі «Математикалық және компьютерлік модельдеу» бағыты бойынша диссертациялық кеңес жұмыс жасауда, сонымен қатар кафедраның он жылдығына орай «Қолданбалы статистика және Data Science» атты магистрлік білім бағдарламасы ашылды. Аталған жетістіктеріміздің жемісін көріп отырмыз деуге болады. Айтпағым, кафедрада 5 докторлық диссертация қорғалып, PhD ғылыми дәрежесі берілді. Түлектеріміз Швейцария (Google компаниясы), Белгия (ENGE IT) Германия (Mersedes Benz), Оңтүстік Корея (KIST) т.с.с. шет елді мекендерде табысты еңбек етуде.
2024 жылдың мамыр айының 2-3 күндері механика-математика факультетінің және «TEMS – Technology, Education and Mathematical Science» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 10 жылдығына арналған «Математика және компьютерлік ғылымдардың заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияға Польша, Өзбекстан, Тәжікстан шет елдерінен және Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Алматы, Тараз, Түркістан, Атырау қалаларының жоғары оқу орындарымен қатар өзіміздің Астана қаласының да жоғары оқу орындары белсене қатысты.
Екі күнге созылған конференция пленарлық отырыстан басталып, 5 секцияғы бөлініп жұмыс атқарылды. Белгілі ғалымдарымыздың келесі тақырыпта баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Байшагиров Хайрулла Жамбаевич – Профессор, т.ғд., Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, «Структурный подход в теории упругости и особенности деформирования композиционных тел»;
Vladimir Mityushev – Professor. Cracow University of Technology, Kraków, Poland, Principles of mathematical modeling and computer simulations;
Раджабова Лутфия Нусратовна – Профессор, ф.-м.ғ.д.,ә «Математикалық талдау және теориялық функция» кафедрасының меңгерушісі, Таджик ұлттық университеті, Душанбе, «Задача типа Коши для переопределенной системы интегральных уравнений».
Конференция баяндамалары 5 секцияға бөлінді, барлығы 48 баяндама онлайн/оффлайн түрде өтті.
- Іргелі математиканың өзекті мәселелері - 7
- Жасанды интеллект технологиялары және информатика – 11
- Жаратылыстану ғылымындағы математикалық және компьютерлік модельдеу – 18
- Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді математикалық және компьютерлік модельдеу – 8
- Білім берудегі математика және информатика – 4
Келесі күні дөңгелек үстелде Рсымбетов Кайрат Сансызбаевичтың «Перспективы развития суперкомпьютерных технологий в Казахстане» атты тақырыбын талқылап конференцияның жеңімпаздарын марапаттау мен кафедра меңгерушісі Д.С. Ракишева қорытындылап, жабылу салтанатымен аяқталды.
Бар жоғы он жыл болған жас кафедраның ПОҚ докторлар мен профессорлар саны артып, болашақта жетісітіктері мен шығармашылықтары мол болып, түлектеріміз университеттің атын әлемге танымал болатындай көркейеді деген сенімдеміз.
Кафедра ұжымын құттықтай отырып, ұжымына мықты денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыс, ауызбіршілігі мықты және ұйымшылдықтары мызғымас болсын деп тілейміз.