Университет мерекесі: ЕҰУ туған күнін атап өтті
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да университеттің туған күніне орай ұйымдастырылған «ENU family day» бағдарламасы аясында мерекелік іс-шаралар өтті.
Мереке Күлтегін атриумында ЕҰУ жанындағы ұлттық-мәдени орталықтардың жәрмеңкесінен басталды. Қонақтарды Конфуций институты (ҚХР), венгр тілі орталығы, Kultigin Club (Түркия), Энрико Маттей итальян мәдениеті орталығы, Руй де Клавихо атындағы испан тілі орталығы, Араб тілін сүйетіндер клубы, Америка бұрышы, Қазақстан-Беларусь ғылыми ынтымақтастық орталығы, Жапон тілін сүйетіндер клубы, Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы, корейлік «Хорани» клубы өз елінің атрибуттары, салтдәстүрлері және тағамдарымен таныстырды. Сондай-ақ Ауғанстан мен Түркіменстаннан келген студенттер де көрмелерін ұсынды.
ЕҰУ-да білім алып жатқан шетелдік студенттер шара барысында өз әсерлерімен бөлісіп, университетті туған күнімен құттықтады.
«Мен ақпараттық технологиялар факультетінде (бакалавриат) оқимын, ЕҰУ-ды бітіргеннен кейін қазіргі заманда сұранысқа ие бағдарламашы мамандығын аламын. Мен Қазақстанның жетекші университеттерінің бірінде жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын.
ЕҰУ оқытушыларының кәсібилігін ерекше атап өткім келеді, мұнда олар бізге жақсы білім береді, ЕҰУ-да білім сапасы өте жоғары деңгейде. Университетте оқып жүргенде мен қазақ тілін меңгеріп алдым, егер Қазақстанда қалып, жұмыс істеуге мүмкіндік бола қалса, ол маған пайдалы болатынына сенімдімін. Маған сіздің еліңіз, мұнда тұратын адамдар, әсіресе қазақ халқының ұлттық тағамдары ұнайды. Бүгін ЕҰУ кезекті туған күнін атап өтуде, мен университетке өркендеу, білім жолында табыс, жоғары рейтинг, білімпаз студенттер тілеймін!», - деді Йемен Республикасынан келген ЕҰУ ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті Башар Аль Сабал.
Түркиядан келген магистрант Фурхан Фатма Афранур да ЕҰУ-ға деген өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.
«Отанымда бакалавриатты аяқтағаннан кейін мен магистратура бойынша оқуымды Қазақстанда жалғастыруды ұйғардым және ол үшін ЕҰУ-ды таңдадым. Маған Еуразия ұлттық университетінде оқыған ұнайды. Мұнда әртүрлі елдердің өкілдері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда, бұл университеттің әлемдік білім кеңістігіндегі беделін көрсетеді. ЕҰУ-да халықаралық қатынастар факультетінің «Аймақтану» білім беру бағдарламасы бойынша магистранты екенімді, мұнда сапалы білім алып жатқанымды мақтанышпен айтамын. Мен мұнда керемет достар таптым. Оқудан басқа, университетте көптеген қызықты іс-шаралар өткізіледі. Бүгін біздің ЖОО өзінің туған күнін атап өтуде, мен осы мерекеге қатысқан барлық студенттерді, профессор-оқытушылар құрамы мен басшылықты құттықтаймын», - деп атап өтті Фурхан Фатма Афранур.
Мереке «Гумилев» атриумында өткен «Мәдениет тоғысында» бағдарламасымен жалғасты. Мұнда арт-терапия сияқты іс-шаралар өткізілді, оның барысында ЕҰУ қызметкерлерінің балалары суреттер салып, сыйлықтарға ие болды. Қатысушылар естелік ретінде ЕҰУ логотипі және өздері жасаған «Күлтегін» жазуы бар футболкаларды алу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар сырттан келген қонақтар зергерлік бұйымдар мен тоқыма бұйымдары, ұлттық киімдер қойылған қолөнер көрмесін тамашалады.
«ENU - бұл біз!» ұранымен өткен кезекті шараға университет ұжымы қызыға қатысты. Мұнда университет қызметкерлері қолына қылқалам, бояу алып, ұжым болып сурет салды. Бұл ерекше шараны астаналық еркін суретші Ләззат Сержан ұйымдастырды.
ЕҰУ-дың туған күнін ата-анасымен бірге атап өтуге келген қызметкерлердің балалары үшін үй жануарларына арналған жылжымалы дүкен ұйымдастырылды, оның ішінде қояндар, хомяктар және тотықұстар бар. Оны омбудсмен, ЕҰУ профессоры Неля Шапекованың өтініші бойынша дүкеннің иесі Александр Ли әкеліпті.
«Мені университеттің мерекелік шарасына қатысуға шақырды, мұнда университет қызметкерлерінің балалары болатынын естігенде қуана келістім және ең бірінші кезекте солардың көңілінен шыққанды ойладым. Мен жануарларды жақсы көремін, бұл менің хоббиім және «біздің кішкентай бауырларымызға» деген сүйіспеншілікті жас кезінен тәрбиелеу керек деп есептеймін», - дейді Александр Ли.
Іс-шараның соңы 10 келілік тортты кесу рәсімі болды, ол балаларға және шараға қатысушыларға тарту етілді.