ЕҰУ ғалымдары Үрімші қаласындағы Халықаралық геотехникалық воркшопта баяндама жасады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, оның ішінде геотехникалық институттың директоры, т. ғ. д., проф. А. Жүсіпбеков, Құрылыс кафедрасында еңбек ететін профессор PhD А. Төлебекова, доцент м.а. PhD Т. Мұздыбаева, доцент м.а. Е.Жаркенов, сонымен қатар ЕҰУ түлегі – Шәкәрім университеті Құрылыс кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. PhD И.Т. Жұмаділов алғашқы қытай-жапон-қазақстан Шыңжаң университетінің (Үрімші қ., ҚХР) базасында өткен геотехникалық воркшопқа қатысты. Ғылыми және инженерлік теория мен тәжірибеге инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері – талқылаудың негізгі аспектісі болды.
Халықаралық ғылыми воркшоптың ұйымдастыру комитеті болып Шыңжаң университетінің профессоры Саулет Бекей, профессор Чей Енгджун, профессор Шей Линагфу, профессор Фэнся Хан, доц. профессор Руй Чжао және бас хатшы доктор Ли Ма. Шыңжаң университетінің құрылыс факультетінің деканы, профессор Шей Линагфу құттықтау сөз сөйлеп, университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Бірінші қытай-жапон-қазақ геотехникалық воркшобының бағдарламасына 3 негізгі дәріс және 16 баяндама кірді. Негізгі дәрістерді келесі ғалымдар ұсынды: Шыңжаң университетінің деканы профессор Шей Хуанг «КТ сканерлеу және CFD-DEM модельдеу негізінде маржан рифінің әктасындағы тұнба инфильтрациясының сипаттамасы»; Профессор Асқар Жүсіпбеков «Қазақстанның құрылыстық және сейсмикалық аймақтарындағы іргетас жұмысын зерттеу»; Профессор Акира Хасегава «Аоморидегі көпір құрылысының қазіргі жағдайы».
Доктор Кента Тозато да жапондық делегацияның құрамында болды, оның баяндамасы Жапонияның Хачинохе аймағындағы жауын-шашын салдарынан болатын көшкін қаупін бағалауға арналды.
Еуразиялықтар да бірқатар баяндамалар жасап, Геосинтетикалық материалдардың шөгу топырағымен әрекеттесу ерекшеліктері (PhD Т. Мұздыбаева), Қазақстанның қиын топырақ жағдайында жол салудың практикалық тәжірибесі (PhD А. Төлебекова), Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі су тасқыны себептерін зерттеу туралы әңгімеледі (PhD Е. Жаркенов), ЕҰУ түлегі, PhD И.Жұмаділов Семей қаласының тарихи сәулет ескерткіштерін сақтау.
Шыңжаң университетінің ғалымдары бетонның қасиеттерін жақсарту, топырақтарды далалық және зертханалық тексерудің жаңа әдістері, сондай-ақ сейсмикалық аймақтардағы ғимараттарды жобалау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Халықаралық ғылыми воркшопқа қатысушылардың баяндамалары Шыңжаң университетінің құрылғанына 100 жыл толуына арналған еңбектер жинағында жарияланды.
Ғылыми воркшоптың екінші бөлімі университеттің зертханалық кешеніне техникалық экскурсияны қамтыды. Қатысушылар құрылыс материалдары мен геотехникалық құрылыс құрылымдары зертханаларды аралау мүмкіндігіне ие болды.
Бірінші Қытай-Жапония-Қазақстан геотехникалық воркшобы соңында Шыңжаң университеті Жапония мен Қазақстаннан келген қатысушыларға естелік сыйлықтарды табыс етті.
Өз кезегінде профессор А. Жүсіпбеков ЕҰУ ректоры, профессор Е.Сыдықовтың атынан Шыңжаң университетінің 100 жылдық мерейтойына орай ЕҰУ-нің ескерткіш мемориалдық кәдесый табыстап, одан әрі даму мен ынтымақтастық тіледі. Сонымен қатар ұйымдастыру комитетіне келесі мүшелеріне ғылыми шараны тамаша ұйымдастырғаны үшін зор алғысын білдірді: проф. Саулет Бекей, проф. Фэншиа Хан, доц. Руи Чжао, доц. Dr Ли Ма, Dr Алипжан Джиерула, Dr Шухрат Қайрат, Dr Хуан Лю, Dr Акрам Сами, Dr Кайминг Пан, Dr Янхуа Куанг.
Сондай-ақ, келісім аясында екінші воркшопты 2025 жылы Хачиноха технологиялық институтында (Жапония) және үшінші ғылыми геотехникалық воркшопты 2026 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтетінін атап өткен жөн.