![Loading...](/_nuxt/light-blue.e889c4fb.gif)
«Аудит және салық салу», «Журналистика және ақпарат», «Түркітану» және «Әлеуметтік жұмыс» бағыттары бойынша кадрлар даярлау мәселелері талқыланды
![](https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/0574e815-867c-4241-a906-a878012b592f.jpeg)
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің (РОӘК ОӘБ) жобаларды басқару тобының мәжілісі өтті.
2024 жылдың 25-29 маусым күндері аралығында РОӘК ОӘБ жобаларды басқару тобының «Аудит және салық салу», «Журналистика және ақпарат», «Түркітану» және «Әлеуметтік жұмыс» кадрларын даярлау бағыттары бойынша онлайн және оффлайн (оffline, оnline) режимде мәжіліс өтті. Мәжілісте жоспар бойынша маңызды тақырыптар талқыланып, шешімдер шығарылды.
«Аудит және салық салу» бағыты бойынша «Бірлескен білім беру бағдарламалары: проблемалар және шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Модераторы «Аудит және салық салу» ОӘБ секция жетекшісі, э.ғ.д., профессор Л.М.Сембиева болды. Дөңгелек үстелде тақырып аясында келесідей баяндамалар жасалып, тақырып жан-жақты талқыланды: «Есеп және аудит саласында бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды даярлау мәселелері» (баяндамашы: Қ.Б.Сатымбекова – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент); «Есеп және аудит» ББББ іске асыру» (баяндамашылар: О.Н.Протасова - Ресей халықтар достастығы университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы; С.С.Сапарбаева - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Есеп және талдау» кафедрасының профессоры, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор); «А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де «6В04103 - Есеп және аудит» дайындау бағыты бойынша қос дипломды білім беруді дамыту мәселелері мен перспективалары» (баяндамашы: А.Қ.Байкин - А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің экономика және құқық факультетінің деканы, PhD доктор); «Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетімен 7М04117 «Халықаралық есеп және аудит» жаңа бірлескен білім беру бағдарламасы туралы: іске асыру, перспективалар, жоспарлар» (баяндамашылар: В.И.Березюк – Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор; С.Н.Гришкина – э.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті); «Мемлекеттік аудиторларды даярлау шеңберіндегі бірлескен білім беру бағдарламалары» (баяндамашы: А.Е.Шахарова - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Мемлекеттік аудит» кафедрасының профессоры, э.ғ.к., доцент). «Аудит және салық салу» кадрларын даярлау бағыттары бойынша баяндамашылардың ақпараттары назарға алынып, Жобаларды басқару тобымен тиісті шешімдер шығарылды.
«Әлеуметтік жұмыс» кадрларды даярлау бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс» секциясының жетекшісі К.А.Мухамбетова 2023–2024 оқу жылының қорытындысы бойынша ЖБТ жұмысының есебін берді.
«Жоғары оқу орындарындағы «Әлеуметтік жұмыс» ББ оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуіне талдау жасау» тақырыбында «Әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ә.ғ.к. К.А.Мухамбетова баяндама жасап, «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша университеттерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистрі, ЖБТ мүшесі Д.О.Досмурзаева «Кафедраның филиалы ынтымақтастық формасы және мамандарды даярлау сапасын арттырудың құралы» мәселесі бойынша ақпараты тыңдалды, «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін жоғары оқу орындарына білім алушылардың кәсіби даярлығын жақсарту мақсатында, кафедра филиалдарын ашу бойынша жұмысты жандандыру ұсыныстары назарға алынды.
«Түркітану» бағыты бойынша ЖБТ мүшесі, «Түркітану» кафедрасының PhD докторы Ж.К.Айдарбекова «ЖОО-да оқу траекториясын анықтау мақсатында білім беру бағдарламаларын мониторингілеу» тақырыбындағы ақпараты талқыланды.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, PhD докторы Халил Четиннің «Түркітану» білім беру бағдарламаларының халықаралық білім кеңістігіндегі маңызын арттыру мәселелері мен перспективалары» мәселесі бойынша баяндамасы тыңдалды.
Түркітану кафедрасының доценті, PhD доктор Талғат Молдабай «Түркітану» бағытының білім алушылары үшін «Жазу тарихы» лабораториясын ашу мүмкіндіктері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып, ақпарат назарға алынды.
Маусымның 29 күні «Журналистика және ақпарат» кадрларын даярлау бағыты бойынша ЖБТ-ның мәжілісі көшпелі отырыс түрінде Қарағанды қаласындағы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінде өтті. «Журналистика саласында интернет ресурстарын қолдану сауаттылығы» тақырыбында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика және коммуникациялар жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Н.Т.Шыңғысованың ақпараты тыңдалды.
Maqsut Narikbayev University (MNU) Халықаралық журналистика мектебінің Adjunct Assistant профессоры Алма Сайлауқызы «Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша оқытудың заманауи әдістері мен инновациялық технологиялары: талдау және ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасап, «Журналистика және ақпарат» бағыты бойынша маман даярлайтын ЖОО-ры өздерінің оқытушы-профессорлық құрамына озық технологиялар бойынша әдістемелік оқу құралдарын дайындатуды жоспарларына енгізуді үйлестіруді ұсынды.
«Аймақтық ЖОО-да журналистік білім беруді модернизациялау» тақырыбында Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі А.Т.Бельдибекованың баяндамасы талқыланды.
Фотогалерея
![](https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/a20c56de-206b-4c63-969e-8faebd4ab3c3.jpg)
![](https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/e80e5ed1-afe0-43bc-877c-786f027506ad.jpg)
![](https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/79a369ba-ab39-4d22-93c3-c619b7cbd3c9.jpeg)
![](https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/4887cbe0-2ea0-4004-b703-c80849a25658.jpeg)
![](https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/a48c15e4-6ab4-4398-99fa-0fce352df20b.jpeg)