ЕҰУ-де әскери борышын өтеген азаматтар үшін құжат қабылдауды бастады
-
24 шілде мен 4 тамыз аралығында ЕҰУ Қабылдау комиссиясы әскери борышын өтеген азаматтар үшін білім беру бағдарламасының 22 тобы бойынша күндізгі оқу бөліміне құжат қабылдайды.
Міндетті әскери борышын өтеген азаматтар әңгімелесу нәтижесі бойынша ҰБТ-дан өтпей-ақ оқуға түсе алады. Әңгімелесу кесте бойынша 5-10 тамыз аралығында өтеді. Таңдау ережелерімен және білім беру бағдарламаларының тобымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: http://surl.li/qvrcbx http://surl.li/qvrcbx
Құжаттар тізімі:
1) университет басшысының атына өтініш (қабылдау комиссиясы береді);
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (талапкердің/заңды өкілдерінің);
4) әскери билеттің көшірмесі;
5) мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған);
6) Қорғаныс министрлігі берген ұсыным (бар болған жағдайда);
7) 3x4 көлемдегі цифрлық фото;
8) 075/у үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа);
9) 063 егу картасы және флюорография (көшірмесі);
10) 1 дана іс-қағазы (скоросшиватель);
11) 4 дана файл.
12) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
Ескерту:
* 3, 4, 8, 9 тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады.
* Тіркелу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері (pdf) қажет.
Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 709450, ЕҰУ қабылдау комиссиясының мекенжайы: Астана қ., Қажымұқан к-сі, 13А, № 6 ОЗҒ, сәулет-құрылыс факультеті.