
1 қадам сайтта қабылдау ережелерін жүктеп алыңыз және үйреніңіз
2 қадам білім беру бағдарламасын таңдаңыз
3 қадам ҒТК сайты арқылы кешенді тестілеуге тіркелу https://app.testcenter.kz
4 қадам шығармашылық емтихан тапсыру
5 қадам мемлекеттік гранттарды тағайындау жөніндегі конкурсқа құжаттарды тапсыру
6 қадам оқуға түсу үшін құжаттарды тапсыру
7 қадам барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына тікелей қоңырау шалыңыз
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өту қажет:
- Шет тілі бойынша тест (халықаралық сертификат болған жағдайда, балдарды аудару шкаласына сәйкес, өз қалауы бойынша шет тілі блогын тапсырудан босатылады);
- Оқуға дайындықты анықтауға арналған тест;
- Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест (екі пән).
Кешенді тестілеуге тіркеу ҰТО сайты арқылы жүргізіледі (http://app.testcenter.kz).
Кешенді тестілеудің сынақ тестін ҰТО сайты арқылы өтуге болады.
Шекті балл:
- Гранттар конкурсына қатысу үшін - 75 балл;
- Ақылы негізде оқыту - 75 балл.
Мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсында білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 жоғары оқу орнын таңдауға болады:
1) ғылыми-педагогикалық, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша, араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша - кемінде 75 балл, ықтимал 150 баллдан
2) бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша - кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша - кемінде 7 балл
Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін КТ бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлер құқылы:
1) қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратураға-кемінде 75 балл, бұл ретте:
шет тілі бойынша-кемінде 25 балл;
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
а) бір дұрыс жауапты таңдағанда - кемінде 7 балл;
б) бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдағанда - кемінде 7 балл;
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша - кемінде 7 балл.
2026-2027 оқу жылы:
2026-2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары бойынша ақылы оқыту құнының прейскуранты (2026 жылға қабылдау үшін)
2026 жылғы қабылдау бойынша DBA білім беру бағдарламаларына ақылы оқыту құнының прейскуранты
2026 жылы қабылданған Жоғары колледж оқушылары үшін ақылы оқу құнының прейскуранты
2026 жылы Әскери кафедрадаға қабылданған білім алушылардың ақылы оқу құнының прейскуранты
2026–2027 оқу жылына арналған басқа білім беру қызметтері құнының прейскуранты
Шығармашылық емтихандардың нәтижелері 2026
Шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Шығармашылық емтиханға тіркелу үшін қажет құжаттар тізімі
«Шығармашылық емтиханға «Platonus» ААЖ арқылы өтініш беру нұсқаулығы»
Шығармашылық емтихандар бағдарламалары
Шығармашылық қабылдау емтихандарының кестесі
Шығармашылық қабылдау емтихандарының кестесі (ақылы негізде қабылдау үшін)
Шығармашылық емтихандарының нәтижелері (ақылы негізге түсу үшін)
⁸Магистратураға түсушілер үшін КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (КТ)
ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің кешенді тестілеуге өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО ақпараттық жүйесі (www.testcenter.kz) арқылы жүзеге асырылады келесі мерзімдерде:
1 маусымнан 8 шілдеге дейін
Компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу келесі мерзімдерде жүргізіледі:
20 шілдеден 10 тамызға дейін
Магистратураға «М035 - Сән, дизайн» және «М032 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс» білім беру бағдарламалары топтары бойынша шығармашылық емтиханға өтініш беру мерзімі 2026 жылдың 1 маусым – 8 шілде аралығында жүргізіледі.
Тіркелу үшін сілтеме: https://edu.enu.kz/registration.html
Шығармашылық емтихандарға тіркелу нұсқаулығы (магистратура)
Байланыс телефондары:
8 (7172) 709 450
8 708 425 26 59
Шығармашылық емтихандар кестесі
Шығармашылық емтихандардың нәтижелері 2026
Шығармашылық емтихандардың нәтижелері 2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Астана қаласының жергілікті атқарушы органы (ЖАО) комиссиясының 2026 жылғы 22 мамырдағы №107-1777 хаттамасына сәйкес 2026-2028 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру бағдарламаларының келесі топтары бойынша гранттардың тізімі жарияланды.
|
№ |
Бағыт атауы және коды |
Білім беру бағдарламалар тобы |
Грант саны
|
|
1 |
7М041 Бизнес және басқару |
М072 Менеджмент (ғылыми-педагогикалық бағыт) |
4 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 24–25 тамызы аралығында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін кешенді тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 75 балл жинау қажет, оның ішінде:
шет тілі бойынша – кемінде 25 балл;
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
а) бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар бойынша – кемінде 7 балл;
ә) бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар бойынша – кемінде 7 балл.
Қажетті құжаттар тізбесі:
өтініш (еркін нысанда);
жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
кешенді тестілеу сертификатының көшірмесі;
шет тілін меңгергендігін Жалпыеуропалық шет тілдерін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес растайтын сертификат (бар болған жағдайда);
075/у нысанындағы медициналық анықтама (флюорография көшірмесімен);
еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда).
Байланыс телефондары: 8 (7172) 709 450, 8 708 425 26 59
Мекен-жайы:
Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13а, №6 оқу-зертханалық корпус,
Сәулет-құрылыс факультетінің ғимараты, 2-қабат.
Назар аударыңыз!!!
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес оқу аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтеу міндеті жүктеледі.
7М11303 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру(1 жыл)
7М04127 Мемлекеттік аудит (1 жыл)
7М07551 – Инновациялық технологияларды метрологиялық қамтамасыз ету (салалар бойынша) (1 жыл)
7М03102 Халықаралық қатынастар (1 жыл)
7М07551 – Инновациялық технологияларды метрологиялық қамтамасыз ету (салалар бойынша) (1 жыл)
Қабылдау комиссиясының байланыс деректері
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты
Дүйсенбі - жұма: 09:00-18:00 (13:00-14:00 түскі үзіліс)
Кәсіби бағдар беру бөлімі
|
ТАӘ |
Қызметі |
Байланыс номерлері |
|
Егеубаева Лаззат Бакитовна |
Кәсіби бағдар беру бөлімінің бастығы - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы |
8 (7172) 709450 Ішкі номер: 31-192 87084252657 |
|
Сембаева Айжан Нұроллақызы |
Бас маман |
8 (7172) 709450 Ішкі номер: 33-006 87084252659 |
|
Ізімберген Ғаламин Мұратбекұлы |
Бас маман |
8 (7172) 709450 Ішкі номер: 33-010 87084252787 |
|
Бектаев Бекжан Байрбекұлы |
Бас маман |
8 (7172) 709450 Ішкі номер: 31-192 87084252657 |
|
Тұрсын Әділ Аянұлы |
Аға маман |
8 (7172) 709450 Ішкі номер: 33-009 87084252657 |
|
Макашева Аида Алтынбекқызы |
Аға маман |
8 (7172) 709450 Ішкі номер: 33-010 87084252787 |
Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтар әскери қызметтен кейін екі жыл ішінде ақылы негізде ҰБТ тапсырмай оқуға қабылданады.
Құжаттарды әңгімелесуге қабылдау 24 шілдеден 4 тамызға дейін жүргізіледі, ал әңгімелесу күнтізбелік жылдың 5 тамызы мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.
Мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтармен сұхбаттасу кестесі
Мекен жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 13а, кабинет №104
* Оқуға түсуге өтініштерді қабылдау 10-25 тамыз аралығында жүргізіледі
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 709450, ішкі: 31-192, 33-010
е-mail: pk@enu.kz
Сұрақтар қойыңыз, келіңіз немесе қашықтан хабарласыңыз - әрқашан жауап алыңыз!

