
Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында Smart.enu.kz университет сайтында мобильді қосымшада «Карьера» электрондық платформасы - жұмыс берушілердің, білім алушылар мен университет түлектерінің өзара іс-қимылына арналған алаң құрылды.
Платформа жұмыс берушінің түлектерді іздеуге және іріктеуге еңбек шығындарын қысқартуға және білім алушылар мен түлектерді жұмыспен қамту процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді!
«Карьера» порталында Smart.enu.kz қосымшада тіркелу ЭЦҚ кілттің көмегімен немесе Авторизация арқылы логин мен пароль арқылы жүзеге асырылады. Авторизацияланған пайдаланушылар жауаптарды өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта қарай алады.
«Карьера» порталының артықшылықтары:
- білім алушылар мен түлектерді жұмыспен қамту процесін автоматтандыру;
- түлектер, университет және жаңа қызметкерлер іздейтін компаниялар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл;
- жұмыс іздеуге жәрдемдесу;
- түйіндемені теңшеу жүйесі;
- үздік үміткерлерді тарту.
ЕҰУ студенттері мен түлектерінің «Карьера» электронды платформасында түйіндеме жасау мүмкіндігі бар.
Жұмыс берушілер өз бетінше ЭЦҚ көмегімен платформада тіркеуден өте алады немесе тіркеу үшін университетке байланыс ақпаратын жібере алады:
- Ұйымның атауы;
- Меншік нысаны;
- БСН;
- Заңды мекен-жайы;
- E-mail;
- Байланыс тұлғасы:
Аты;
Тегі;
ЖСН;
Жеке пошта.
Тіркелгеннен кейін жұмыс берушіге «Карьера» платформасына кіру үшін логин мен пароль және бос жұмыс орындарын орналастыру мүмкіндігі беріледі.
«Карьера» платформасында тіркелу сілтемесі https://smart.enu.kz/#/login
