Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті отандық ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосқан, ғылыми еңбектері, жаңалықтары және көп жылғы педагогикалық қызметі арқылы танылған ғалымдарын мақтан тұтады.
Бұл бөлім университеттің ғылымның түрлі салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген көрнекті ғалымдарына арналған. Мұнда ғылыми-зерттеу қызметіне көп жылдық еңбегін арнаған, кәсіби жолы университеттің тарихы мен ғылыми мұрасының ажырамас бөлігіне айналған ғалымдардың өмірбаяндық, кәсіби және ғылыми жетістіктері туралы мәліметтер жинақталған.
Бұл бөлімді құрудың негізгі мақсаты — ғылым мен ғылыми қызметті кеңінен насихаттау, жастардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ғылыми дәстүрлердің сабақтастығын қалыптастыру. ЕҰУ-дың көрнекті ғалымдарының кәсіби жолы мен ғылыми жетістіктері жас зерттеушілер үшін лайықты үлгі болып, оларды білімдерін үнемі жетілдіруге, ғылыми құзыреттерін дамытуға және маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.
Ұлы Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген. Бұл ой бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ол білім мен ғылымның, сондай-ақ танымға деген ұмтылыстың тұлғаның қалыптасуы мен қоғамның дамуындағы айрықша рөлін айқындайды. Жас ұрпақ сапалы білім алумен ғана шектелмей, ғылыми қызметке белсенді араласып, жаңа білім қалыптастыруға және елдің тұрақты дамуына өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет.
ЕҰУ-дың көрнекті ғалымдарының отандық ғылым мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін асыра бағалау қиын. Олардың көп жылғы ғылыми-педагогикалық еңбегі, іргелі және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелері, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлауға қосқан үлесі Қазақстанның ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту үшін аса маңызды.
Университеттің көрнекті ғалымдарының қатарында ғылым докторлары мен профессорлар, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ «Барыс» I және II дәрежелі, «Парасат», «Құрмет» ордендері мен басқа да отандық және халықаралық наградалардың иегерлері бар.
Бұл ғалымдардың ғылыми мұрасы отандық және әлемдік ғылым үшін маңызды құндылық болып табылады. Олардың зерттеулері, ғылыми еңбектері мен практикалық әзірлемелері тиісті ғылыми бағыттардың дамуына, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюіне және Қазақстанның әлемдік ғылыми кеңістіктегі орнын нығайтуға ықпал етеді.
ЕҰУ-дың көрнекті ғалымдарының тәжірибесі мен жетістіктері зерттеушілердің жаңа буыны үшін маңызды бағдар болуға тиіс. Жас ғалымдар кәсіби білімдері мен зерттеу дағдыларын жүйелі түрде жетілдіріп, ғылыми жұмыстың заманауи әдістерін меңгеріп, маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуы қажет.
Ғылыми зерттеулердің практикалық бағыттылығының маңызы ерекше. Қолданбалы зерттеулердің нәтижелері нақты экономикалық сектор мен қоғамдық тәжірибеде қолданыс табуға тиіс. Ал гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеу нәтижелері жарияланымдар, ғылыми конференцияларға қатысу және кәсіби ғылыми қоғамдастықты дамыту арқылы ғылыми ортада кеңінен таралуы қажет.
Осылайша, ЕҰУ сайтында ұсынылған университеттің көрнекті ғалымдары туралы мәліметтер олардың кәсіби жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, ғылымды танымал етудің, ғылыми дәстүрлерді сақтаудың және жастардың зерттеу қызметіне деген қызығушылығын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Олардың ғылыми және педагогикалық жолы білімге, кәсіби қызметке және елдің дамуына жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі болып табылады.














