Университеттің студенттік өзін өзі басқаруы әртүрлі қоғамдық және жастар ұйымдары болып табылады:
Жастар орталығы;
«Jastar ruhy» жастар қанаты;
Ақсақалдар кеңесі;
Клубтар қауымдастығы.
Университет қабырғасында студенттік өмір белсенді дамып келеді. Әр түрлі бағытта 60-тан астам студенттік ұйым жұмыс істейді. Студенттік театр, оркестр, би мектебі, вокалды-аспаптық ансамбль және т.б. бар. Өнерге бай студенттік ұжымдар халықаралық шығармашылық байқауларда жиі жүлделі орындарға ие болады.
ЕҰУ-да жан-жақты дамуға мүмкіндік бар, бастысы – сіздің ынтаңыз бен талабыңыз. Сіз өзіңізді әнші, биші, дебатер, актер, спикер ретінде сынап көре аласыз.
Мұнда 60-тан астам студенттік ұйымдар мен қызығушылығы мол клубтар жұмыс істейді. Бұл әдеби бірлестіктер, шахмат клубы, пікірталас қозғалысы, экологиялық және спорт клубтары.
«Өнер орталығы» барлық шығармашылық ұжымдарды біріктіреді. Біздің «Шаңырақ» студенттік театры, «SAMURYQ» би мектебі, «E-STUDIO» вокалистері, «Дала сазы» оркестрі халықаралық байқауларда бірнеше рет жеңімпаз атанды. Олар ЕҰУ – мақтанышы.
Университет студенттердің жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайды.
Біздің ЖОО-да жастарға арналған 80-нен астам студенттік клуб бар. ЕҰУ студенттері университет ішінде ғана емес, сонымен қатар елдің қоғамдық өміріне де белсенді араласады.
Университетте студенттерді әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға тартуға бағытталған «ENU Volunteers» еріктілер қозғалысы жақсы дамыған.
Жастармен жұмыс бөлімі – студенттердің азаматтық-патриоттық бағытта тәлім алуына бағдар беретін, олардың бос уақытын тиімді пайдалана отыра, университетте әр түрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастыратын және басшылық пен білім алушылар арасында байланыс орнататын бөлім.
Бөлімнің міндетіне: білім алушылар бойында отаншылдықты дамытып, ұлттық, еуразиялық құндылықтарды нығайту, пассионарлық мұратты, құқықтық мәдениетті қалыптыстыру, студенттер арасында дене тәрбиесі мен саламатты өмір салтын дамыту, ұлттық спорт пен ойын түрлерін насихаттау, шығармашылық қабілеттерін арттырып, өркениетті өнерге баулу, оларға әлеуметтік көмек көрсетіп, түрлі жағдайларға бейімдеу және қиын кезеңдерде қолдау жатады.
Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары:
Жастар орталығы; (@cmpenu)
Старосталар кеңесі; (@sovetstarost_enu)
Жастар рухы; (@jastarruhy_enu)
”Qamqor” волонтерлар лигасы; (@qamqor_enu)
Клубтар қауымдастығы (құрамында 70-ке жуық клуб бар) (@zhastarenu).
Ендібай Мағжан Әділбекұлы
Бөлім бастығы
010008 Астана қаласы, Сәтбаев көшесі, 2, Спорт ғимараты, 101 каб
ішкі 31-303
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00 аралығы)
Нұхай Толғанай Насихатқызы
Бас маман
010008 Астана қаласы, Сәтбаев көшесі, 2, Спорт ғимараты, 101 каб
ішкі: 31-158
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00 аралығы)
Сламқұл Әбдіқахар Есімханұлы
Бас маман
010008 Астана қаласы, Сәтбаев көшесі, 2, Спорт ғимараты, 101 каб
ішкі: 31-194
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00 аралығы)
Тулясов Азамат Мәдиұлы
Аға маман
010008 Астана қаласы, Сәтбаев көшесі, 2, Спорт ғимараты, 101 каб
ішкі: 31-189
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00 аралығы)