
Біз ЕҰУ платформасында жаңа «Подкасттар» бөлімінің ашылғанын қуана хабарлаймыз. Мұнда университеттің деканаттары мен құрылымдық бөлімшелері дайындаған подкасттар орналастырылады.
Бұл бөлімде сіз өзекті жаңалықтармен, білім беру материалдарымен, оқытушылар мен студенттердің сұхбаттарымен, сондай-ақ университет өмірін көрсететін қызықты тақырыптық шығарылымдармен таныса аласыз.
Жаңа бөлім тыңдаушыларға ЕҰУ-дағы оқиғалар, бастамалар мен жобалар туралы ақпаратты аудиоконтент форматында кез келген жерде және ыңғайлы түрде алу мүмкіндігін береді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқу орнына серіктестерден, түлектерден, студенттерден және ғылыми қауымдастық өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсуде.
Өзінің қызметі барысында университет еліміздің жетекші білім беру және ғылыми орталықтарының біріне айналып, ғылым мен білімнің, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қосты. Бүгінде ЕҰУ өз жетістіктерімен, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен және дарынды студенттерімен мақтана алады.
Құттықтау хаттарында мамандарды даярлау деңгейінің жоғары екені, университеттің маңызды мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуы және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін нығайтудағы рөлі ерекше атап өтілуде.
Мерейтой - бұл өткенді қорытындылап қана қоймай, жаңа мақсаттарды айқындайтын маңызды кезең. ЕҰУ алға нық қадам басып, дамуын жалғастырып, инновацияларды енгізіп, үздік академиялық дәстүрлерін сақтауда.
Университетке одан әрі өркендеу, жаңа жетістіктер, шабыт пен биік белестерді бағындыру жолында табыс тілейміз!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті туралы бұл деректі фильм – білім мен ғылымды, инновация мен көшбасшылықты ұштастырған заманауи университеттің 30 жылдық даму жолын баяндайтын танымдық туынды.
Фильмдеуниверситеттіңұлттықзерттеууниверситетіретіндегіжетістіктері, халықаралықбеделі, ғылымижаңалықтары мен студенттергеарналғанмүмкіндіктерікеңіненкөрсетіледі.
Дерекке толы фильмде ЕҰУ-дың Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған студенттер мен ғалымдардың басын қосқан ірі білім ордасы екені айтылады. Сонымен қатар цифрландыру, жасанды интеллект, биотехнология, ядролық физика мен әлеуметтік ғылымдар салаларындағы ғылыми зерттеулер және инновациялық жобаларға ерекше назар аударылады.
Фильм университеттің халықаралық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері мен әлемдік деңгейдегі серіктестіктерін де қамтиды. Білім беру сапасы, ғылымижетістіктер, студенттердің халықаралық жобаларға қатысуы және стартап мәдениетінің дамуы арқылы ЕҰУ-дың елдің интеллектуалдық болашағын қалыптастырудағы рөлі ашып көрсетіледі.
Бұл фильм – тек университет тарихы емес, сонымен қатар болашаққа ұмтылған жас буынның, ғылым мен білімге негізделген жаңа Қазақстанның келбетін танытатын мотивациялық әрі мазмұнды туынды.
ЕҮУ ақпарат орталығы дайындаған фильмді танымал қазақстандық журналист, көптеген деректі фильмдердің авторы, блогер, университетіміздің түлегі Әлия Әшім жүргізді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 30 жылдық мерейтойына арналған «Өміріме айналған университет» атты салтанатты кеш өтті. Мерекелік іс-шара университеттің оқытушыларын, студенттерін, түлектерін және ардагерлерін бір арнаға тоғыстырып, жай ғана мерейтойлық жиын емес, alma mater-ге деген шынайы сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісіне айналды.









