

Басқарма төрағасы – Ректор
Сыдықов Ерлан Бәтташұлы
Құрметті әріптестер, білім беру саласының өкілдері мен сарапшылары!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігі – жоғары білім мазмұнын жаңғыртуға, сапаны арттыруға және білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған ашық әрі кәсіби алаң.
Университетіміздің ғылыми әлеуеті мен академиялық дәстүрі бірлестік қызметінің кәсіби деңгейде жүзеге асуына негіз болады. Біздің басты ұстанымымыз – ашықтық, сапа және жауапкершілік.
Осы сайт арқылы сіздер кеңес қызметі, секциялар жұмысы және гриф беру үдерісі жөнінде толық ақпарат алып, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыздар. Бірлесе жұмыс істей отырып, сапалы және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастырамыз деп сенемін!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігі (РОӘК ОӘБ) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытуға бағытталған консультативтік-кеңесші орган.
ОӘБ қызметінің негізгі мақсаты – жоғары білім беру сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкес кадрлар даярлау мазмұнын жаңғырту және қазақстандық жоғары білімнің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
РОӘК ОӘБ 2025-2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігі:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысады;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, типтік оқу бағдарламаларын және кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысады;
- білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- білім беру бағдарламаларына мониторинг жүргізеді және оларды тізімге енгізу/шығару жөнінде ұсынымдар береді;
- оқу-әдістемелік әдебиеттерге сараптама жүргізіп, РОӘК ОӘБ грифін беруге ұсыныстар дайындайды;
- оқыту нәтижелерін ұлттық және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестендіруге қатысты ұсынымдар әзірлейді;
- инновациялық оқыту әдістерін енгізу және үздіксіз білім беру бағдарламаларын дамытуға ықпал етеді;
- халықаралық тәжірибені талдап, білім беру үдерісіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді.
РОӘК ОӘБ 2025-2026 жылға арналған құрамы
ОӘБ құрамына тиісті даярлау бағыттары бойынша кадрлар даярлайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, педагог және ғылыми қызметкерлер кіреді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы РОӘК ОӘБ құрылымына мынадай даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік секциялар енеді:
- 022 Гуманитарлық ғылымдар («Түркітану» кіші бөлімі)
- 032 Журналистика және ақпарат
- 114 Әлеуметтік жұмыс
- 041 Бизнес және басқару («Аудит және салық салу» кіші бөлімі)

Жобаларды басқару тобы (ЖБТ) құрамындағы секциялар – білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруге, сапасын арттыруға және әдістемелік бірізділікті қамтамасыз етуге бағытталған сараптамалық алаңдар.
Секциялар өз бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын мониторингтеу, оқу нәтижелерін кәсіби стандарттарға сәйкестендіру, оқу-әдістемелік әдебиеттерге рецензия беру және РОӘК ОӘБ грифі бойынша ұсынымдар әзірлеу жұмыстарын жүзеге асырады. Сондай-ақ секциялар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер және сарапшылар қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, білім беру мазмұнын жаңғыртуға және халықаралық тәжірибені енгізуге ықпал етеді.
Секциялардың қызметі тұрақты отырыстар, сараптамалық талқылаулар, семинарлар, вебинарлар мен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Секция Түркітану бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жетілдіру, білім беру бағдарламаларын жаңғырту және академиялық біліктілік шеңберіне сәйкестендіру бағытында қызмет атқарады.
Секция жетекшісі
Айдарбекова Жадыра Қабенқызы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: философия докторы (PhD), доцент м.а.
Негізгі жұмыс орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Түркология кафедрасының меңгерушісі
Қызметтік e-mail: aidarbekova_zhk_1@enu.kz
Секция ақпараттық-коммуникациялық орта жағдайында журналистика білімін жаңғырту, цифрлық медианың талаптарын ескеру және кәсіби стандарттарға сәйкес кадр даярлау мәселелерін үйлестіреді.
Секция жетекшісі
Қуантаев Нұржан Қуантайұлы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: ф.ғ.к., доцент
Негізгі жұмыс орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
Қызметтік e-mail: kuantayev_nk@enu.kz
Секция әлеуметтік салаға арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру, инклюзивті және әлеуметтік жауапты білім беру қағидаттарын енгізу бағытында жұмыс атқарады.
Секция жетекшісі
Мұхамбетова Құралай Арапбайқызы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: ә.ғ.к.
Негізгі жұмыс орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Әлеуметтану кафедрасының меңгеруші м.а.
Қызметтік e-mail: mukhambetova_ka@enu.kz
Секция қаржы, аудит және салық салу бағытындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру мәселелері бойынша әдістемелік үйлестіруді жүзеге асырады.
Секция жетекшісі
Сембиева Ляззат Мықтыбекқызы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: э.ғ.д., профессор
Негізгі жұмыс орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
«Мемлекеттік аудит» кафедрасының профессоры
Қызметтік e-mail: sembiyeva_lm@enu.kz
РОӘК ОӘБ грифі – оқу басылымын (оның ішінде электрондық нұсқасын) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылатындығын растайтын ресми шешім.
Гриф беру рецензиялау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады және шешімді ОӘБ төрағасы бекітеді.
Қолжазба тіркелген күннен бастап рецензиялау және шешім қабылдау мерзімі – 60 күн.
- Оқулық
- Оқу құралы
- Оқу-әдістемелік құрал
- Көмекші оқу басылымдары (практикум, сөздік, есептер жинағы және т.б.)
1. ЖЖОКБҰ немесе ұйым басшысы қол қойған оқу басылымы туралы қысқаша ақпарат, оның шығу деректері (қолжазбаның атауы, автордың немесе авторлардың тегі, аты, әкесінің аты, жоспарланған таралымы, жарық көретін жылы, баспа табақ көлемі), білім беру бағдарламалары тобының нөмірі мен атауы.
2. PDF форматындағы оқу басылымының қолжазбасы;
3. Оқу басылымына ОӘБ грифін беру туралы ұсыныс берілген ЖЖОКБҰ Ғылыми кеңесінің хаттамасынан үзінді көшірме;
4. Оқу басылымын қамтамасыз ету мақсатында дайындалған пәннің жұмыс (оқу) бағдарламасы;
5. Құжаттың мәтінін плагиатқа тексеру нәтижелері жөніндегі анықтама;
6. Тиісті білім саласы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар 3 маманның төмендегі критерийлер бойынша жасалған рецензиялары:
- Оқу басылымы қолжазбасының құрылымы мен мазмұнын бағалау.
- Оқу басылымы қолжазбасы мазмұнының білім беру бағдарламасына және пән бойынша оқыту нәтижелеріне сәйкестік деңгейі.
- Оқу басылымы қолжазбасының қолданыстағы әдебиеттерден ерекшелігі, жаңашылдығы мен сабақтастығының деңгейі.
- Оқу басылымы қолжазбасының мазмұнының ғылыми деңгейі.
- Практикалық мәселелердің қамтылу деңгейі және олардың өзектілігі.
- Материалдың әдістемелік деңгейі, оны білім беру технологияларына бейімдеу мүмкіндігі.
- Мәтіннің тілі мен стилі, иллюстрациялық материалдардың, кестелер мен схемалардың сапасы.
- Мазмұнды баяндаудағы және оны қолданудағы психологиялық-педагогикалық талаптардың сақталу деңгейі.
- Гриф берудің орынды (орынсыз) екендігі туралы қорытынды
- Мәтіннің бірегейлігі кемінде 70% болуы тиіс
- Жасанды интеллект қолдану үлесі 15%-дан аспауы керек
- Плагиат, жалған ақпарат, нормативтік талаптарға сәйкес келмеу – бас тарту негізі
Басқа жоғары оқу орны базасындағы Оқу-әдістемелік бірлестікке басылымды қарауға жолдау үшін белгіленген талаптарға сәйкес құжаттар топтамасын әзірлеп, ОӘБ хатшылығына ұсыну қажет.
РОӘК ОӘБ 2025-2026 жылға арналған жұмыс жоспары
РОӘК ОӘБ 2025-2026 жылға арналған құрамы
Аудит және салық салу
Әлеуметтік жұмыс
Журналистика және ақпарат
Түркітану
Жұмыс жоспары РОӘК ОӘБ 2024-25
Басылым жоспары (гриф) 2024-25
Аудит және салық салу
Хаттама №1.1 Аудит (дөңгелек үстел)
Әлеуметтік жұмыс
Хаттама №1.1 Әлеуметтік жұмыс (Дөңгелек үстел)
Журналистика және ақпарат
Түркітану
ОӘБ сараптамасына түскен оқу басылымдарының тізімі
Аудит және салық салу
Әлеуметтік жұмыс
Журналистика және ақпарат
Түркітану
Аудит және салық салу
№4-Хаттама
Әлеуметтік жұмыс
№4-Хаттама
Журналистика және ақпарат
№4-Хаттама
Түркітану
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасындағы Жобаларды басқару тобының 2020-2021 оқу жылына құрамы
Жобаларды басқару тобының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Бизнес және басқару (Аудит және салық салу)
"Журналистика и информация"
ЖОО-да оқу траекториясын анықтау мақсатында білім беру бағдарламаларын мониторингілеу
Журналистика Бакалавр Бағдарламасы
"Социальная работа"
"Гуманитарные науки (Тюркология")

